Бір үйдің ауласынан 8 вакуум су сорылды
Қала көшелерін жаңбыр суынан құрғату үшін тынымсыз еңбек етіп жатқандардың қатарында арнайы техника – вакуум жүргізушісі Әміржан Зиябеков те бар. Ол 26 наурыздан бері күн сайын су сору жұмыстарына шығып жүр.
Дамбы ауылының тұрғыны таңертең арнайы техниканың қожайыны тұратын Көкарнаға келіп, вакуум көлігіне отырады. Содан кешкі уақытқа дейін үздіксіз су тазарту жұмыстарын атқарады. Кешкі уақытта қолданыстағы техниканы иесіне қайта тапсырады.
–Кешегі күннің өзінде «Перетаска» маңындағы А.Молдашев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласындағы суды сордым. Бір күннің ішінде бір ғана үйдің аумағындағы суды тазарту үшін вакууммен 8 рейс жасадым. Таңертең «Арнайыавтобазаға» барып, диспетчерлерден міндетті түрде суы сорылуы керек мекенжайлар көрсетілген жолдаманы аламын. Соның негізінде кешке дейін су сору, төгу жұмыстары жүргізіледі. Сорылған суды «Арнайыавтобаза» мекемесінің нұсқауы бойынша рұқсат етілген полигон аумағына апарып төгемін, — дейді Әміржан Зиябеков.
Ол дәл қазір сыйымдылығы 10 текше метрді құрайтын вакууммен Водников ауылы 4-ші өткел, 16-шы үйдің ауласындағы суды сорып жатыр.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА
Оте керемет, Аллах береке берсын бауырымызга
Оте керемет, Аллах Берке берсын бауырымызгахалык ушн