11 сәуір күні ақын Гүлзада Ниетқалиеваның «Жүректегі жанартау» атты шығармашылық кеші өтеді

IMG 20190329 WA0025 Жаңалықтар

Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл.  11 сәуір күні Атырауда елімізге белгілі ақын Гүлзада Ниетқалиеваның «Жүректегі жанартау» атты шығармашылық кеші өтеді.

Белгілі  журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Гүлзада Ниетқалиеваның қаламынан туған өлең-жырлар әдеби ортадан ойып тұрып орын алған.

Құрманғазы мәдениет үйінде өтетін шығармашылық кешке ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР Жазушылар Одағының төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, белгілі ақын, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, жазушы, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Сара Латиева, жазушы, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Мағира Қожахметова, жазушы Заря Жұманова,  жазушы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Мира Шүйінішәлиева, ақын, аудармашы Маржан Ершуова, «Шалқар» радиосының журналисі Мейрамгүл Исатай, дәстүрлі әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,  филология ғылымдарының кандидаты Сәуле Жанпейісова келеді деп күтілуде.

Екі кезеңнен тұратын шығармашылық кеш аясында  ақын Гүлзада Ниетқалиеваның жаңа кітаптарының тұсау кесер рәсімі өтеді. Екінші кезеңде әдебиет сүйер қауым ақын шығармаларына негізделген театрландырылған қойылымдарды тамашалай алады. Келіңіздер, көріңіздер ағайын.

Басталу уақыты: 11 сәуір, сағат 15.00.

Өтетін орны: Құрманғазы мәдениет үйі, Атырау қаласы.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз