Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атырау облысында 34 жеке клиникалар ТМККК және МӘМС қызметтерін көрсетеді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ  Атырау облысы бойынша филиалымен 2022 жылы 67 медициналық ұйыммен медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасты, оның 34-і – жеке меншік ұйымдар. 

Биыл Атырау облысы бойынша тұрғындардың медициналық қызметін қаржыландыруға 46 млрд. 761 млн. теңге қарастырылып отыр, мұның ішінде 18 млрд. 213 млн. теңге МӘМС шеңберіне бағытталу жопарлануда.

 МӘМС жүйесі «пациент қай жерге қаралса, ақысы сонда аударылады» қағидаты бойынша жұмыс істейді. 

Пациенттің қандай да бір тексерулерден өту кезінде Қордың медициналық қызмет жеткізушілері тізбесінен медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар. Ол үшін учаскелік дәрігердің немесе өз емханасының бейінді маманының жолдамасы болуы қажет. 

«Қажетті медициналық қызметті алу үшін Қормен осы қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан клиникалардың кез-келгенін таңдауға болады. Қордың медициналық қызмет жеткізушілері арасында жеке клиникалар үлесі басым екенін атап өткіміз келеді, яғни еліміз бойынша – 717 медициналық ұйым. Бұл Қордың барлық қызмет жеткізушілерінің 50% — дан астамы. Азаматтар мамандардың консультацияларын алуға, диагностикалық процедуралардан, оның ішінде жеке медициналық ұйымдарда ақысыз, медициналық сақтандыру шеңберінде учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша өтуге мүмкіндігі бар. Науқастардың алған қызметтері үшін төлемді Қор жүргізеді», – деп «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ  Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов атап өтті.

Сондай-ақ, тіркелген жері бойынша емханада қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда дәрігер осы қызметтерді көрсетуге бірлесіп орындау шарты жасалған басқа медициналық ұйымға жолдама беруі тиіс. Немесе пациент осы қызметті көрсететін Қордың жеткізушілері ішінен медициналық ұйымды өзі таңдай алады. Онда учаскелік дәрігерден жолдама ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде автоматты түрде бірлесіп орындау шартын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.   

Қазіргі уақытта елімізде 1 389 медициналық ұйым ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызметтер көрсетуге Қордың тікелей жеткізушілері болып табылады. 

Ең көп тіркелген медициналық қызмет жеткізушілері амбулаториялық жағдайда консультациялық-диагностикалық көмек, медициналық оңалту, мамандандырылған стационарды алмастыратын көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша екендігін атап өткен жөн.

Қор сайтында медициналық қызмет жеткізушілер тізімін қалай пайдалануға болады?

Қордың fms.kz сайтында «Пациент үшін» деген бөлімде «Емхананы таңдау» деген кіші бөлімде ТМККК және МӘМС медициналық көмек көрсетушілерінің тізбесі келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://fms.kz/kontaktnaya-informatsia/vybrat-kliniku/. Тізімдерде Сіз өзіңіздің тұратын облысыңызды немесе аймағыңызды, содан кейін медициналық көмек түрін таңдауыңыз керек. Сондай-ақ, мұнда ЭКҰ (Экстракорпоральды ұрықтандыру), медициналық оңалту қызметтеріне жеткізушілер тізбелері, қажетті уақытта жаңартылып отыратын бірлескен орындаушылардың тізбелері жарияланады.

Консультациялық-диагностикалық қызметтерге өнім берушілердің тізбесі-стоматология, рентгенография, ПТР-тестілеу, КТ және МРТ  келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://fms.kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.

Егер сізде медициналық көмектің сапасы мен уақтылы көрсету бойынша сұрақтар туындаса, сіз емхананың Пациенттерді қолдау және Ішкі аудит қызметіне немесе сізге ыңғайлы келесі байланыс арнасы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button