Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІН ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАУДЫ СҰРАДЫ

Қоғам өкілдері Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевты қайта өз лауазымына тағайындау туралы облыс әкіміне Үндеу жасады.

Өз кезегінде экс-әкім тұрғындарға өз алғысын айтқан болатын.

«Соңғы оқиғаларға байланысты Атырау қаласының әкімі қызметінен кету туралы өтініш бердім, ол қабылданды.

Қалалық әкімдік ұжымы және қала жұртшылығымен екі жыл жұмыс істегенде көп нәрсені үйрендім, әсіресе қарапайым халық, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар және жай ғана жағдайы төмен отбасылар қажеттілігін түсінуді үйретті.

Пандемия да өз үлесін қосты, оған дайындығымыз және ойлануға уақыт пен тәжірибенің болмауы. Осы кезеңде әкімдіктің барлық командасы қолынан келгенін жасады. Белсенділерге жарқын ұстанымы, талаптарының айқындығы және түсіну, қабылдау және қолдау қабілеті үшін жеке алғыс білдіремін. Мен ренжіп немесе ауыр уайыммен кетіп бара жатқан жоқпын. Атырау менің сүйікті қалам және жерлестерді жақсы көремін, құрметтеймін!» деді бұрынғы әкім.

Қайрат Оразбаев Атырау әкімі болып 2020 жылдың қаңтарында тағайындалған еді.

Related Articles

One Comment

  1. Орнына Кери оралса жаксы болар еди..себеби местный. Каланы биледиго

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button