Полиция мен прокуратура ШҰҒЫЛ мәлімдеме жасады (+ВИДЕО)

img 20220116 201517 995 Жаңалықтар

Алматы қаласының полиция департаменті мен прокуратурасының өкілдері ресми мәлімдеме жасады.

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов: «Лаңкестердің басқа топтары бір уақытта қару-жарақ дүкендерін басып алды, олар ол жерден қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденді.
 
☑️ Барлығы 1347 қару ұрланған, оның ішінде 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қару.
 Осының барлығы нақты ұйымдастырылған, олардың іс-әрекетін топ жетекшілері үйлестірді.
 
➡️ Түскі уақытта кем дегенде 10 мың адамнан тұратын шабуылдаушылардың негізгі колоннасы басып алынған коммуналдық көліктердің көмегімен қоршауды бұзып өтіп, қала Әкімдігін басып алуға әрекеттенді».

  • Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов:

«Тәртіпсіздіктер кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды, оның ішінде 163 полицияның қызметтік көлігі.
 
Шұғыл түрде дәлелдеме базасы жиналуда.
 
☎️ «102» сигналдарына жауап беру жүйесі қалпына келтірілді.  Шақыруларға күшейтілген патрульдік жасақтар жіберіледі.
 
📣 Құқық бұзушылық туралы әрбір дабыл мұқият тексеріледі.
 
Бүгінгі күні жағдай тұрақтанды».

«Орталық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз