102 науқастың жағдайы ауыр: Атырауда 7 адам бір тәулікте көз жұмды

1 26 Жаңалықтар

Атырау облысында бір тәулікте 317 адам Covid-19 жұқтырған.

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 317 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 176 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 41 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 25 жағдай, Индер ауданында – 11 науқас анықталған, Исатай ауданында – 25, Қызылқоға ауданында – 14, Құрманғазы ауданында – 11, Мақат ауданында – 17, Махамбет ауданында – 7 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 206 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 111 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 553 адам емделді.

Қазір 8 054 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 193, екінші облыстық ауруханада – 184 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 63, кардиоорталықта – 94, т/ж ауруханасында – 86 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 93, жатақханада – 78,
аудандық инфекциялық стационарларда – 309. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 574 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз