102 науқастың жағдайы ауыр: Атырауда 7 адам бір тәулікте көз жұмды
Атырау облысында бір тәулікте 317 адам Covid-19 жұқтырған.
Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 317 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 176 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 41 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында — 25 жағдай, Индер ауданында — 11 науқас анықталған, Исатай ауданында — 25, Қызылқоға ауданында — 14, Құрманғазы ауданында — 11, Мақат ауданында — 17, Махамбет ауданында — 7 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 206 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 111 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 553 адам емделді.
Қазір 8 054 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 193, екінші облыстық ауруханада – 184 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта — 63, кардиоорталықта — 94, т/ж ауруханасында — 86 адам ем алуда, облыстық ауруханада — 93, жатақханада — 78,
аудандық инфекциялық стационарларда — 309. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 574 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.