Жарнама
Жаңалықтар

1000-нан астам шетелдік автокөлік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырау қаласы аумағында шетел автокөліктері жүргізушілерінің арасында құқықбұзушылықтардың көбеюіне байланысты көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тағы басқа да жолда жүру ережелерінің өрескел бұзылуын анықтау мақсатында биылғы жылдың 16-30 кыркүйек күндері аралығында “Шетел автокөліктері” атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.


Іс-шара нәтижесінде жол ережелерін бұзған мыңға жуық шетел автокөліктері анықталды.
Мысалы, 25 қыркүйек күні сағат 01:17 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Азаттық көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің тұсында Ваз 2110 маркалы (Ресей федерациясы) автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 1971 ж.т., жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1-бөлімімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Одан басқа, 26 қыркүйек күні сағат 03:20 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Канцев көшесінде орналасқан мектеп тұсында, «Ваз 2115” маркалы (Ресей федерациясы) автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 1987 ж.т., жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1-бөлімімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сонымен қатар, барлығы 3 млн 098 168 теңгені құрайтын айыппұлдарын төлемей жүрген 77 шетелдік автокөлік анықталды. Олардың 56-ы Ресей, 19-ы Армения, 1-і Қырғызстан, 1-і Беларусия мемлекеттерінен әкелінген автокөліктер. Анықталған автокөліктердің барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 785 бабына сәйкес, арнайы тұраққа қойылды.

Өз кезгінде Атырау қаласы Полиция басқармасы шетел автокөліктерінің жүргізушілерінің назарына міндетті сақтандыру шартын жасату керектігін, алайда ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасамаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 230 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын қатаң түрде ескертеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button