Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

100 дәрігер коронавирусқа шалдықты деген ақпарат жоққа шығарылды

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап, Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қызылқоға ауданының тұрғыны жүз дәрігерге вирус таратқан деген ақпарат тараған болатын.

«Қызылқоғалық науқас 27 адаммен жақын қарым-қатынас жасаған. Қазіргі таңда қызылқоғалық әйел адамнан вирус жұқтырған медбике мен облыстық аурухана пациенті және тағы бір атыраулық ер адам емделіп жатыр» деп нақтылады Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетелік, жалған, арандатушылық ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық Кодексінің 274 бабы бойынша жауапқа тартылады. Құқықбұзушы 5000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Және 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығы шектеледі. Немесе осынша мерзімге бас бостандығынан айрылады.

Қазіргі уақытта Атырауда 20 науқас коронавирус диагнозымен ем қабылдап жатыр. Әлем бойынша аталмыш дертке шалдыққандар саны 1 миллионнан асты.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-alty-adam-karantin-auma%d2%93ynan-za%d2%a3syz-shy%d2%9bpa%d2%9b-bol%d2%93an/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button