Жарнама
Жаңалықтар

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Атырауға жұмыс сапарымен келді

Бүгін Атырау қаласына Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен келіп, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ғимаратында жергілікті билік өкілдерімен, энергетика саласының мамандарымен және тұрғындармен кездесті. Кездесуді қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов ашып, жүргізді.

Әлібек Жамауов 2024 жылдың өткен сегіз айындағы энергетика саласында атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Оның мәлімдеуінше, осы мерзімде Атырау облысында 50,7 млн. тонна мұнай өндірілген. Мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылып, аймақтағы мұнай айналымының 95 пайызы бақылауға алынған.

Сонымен қатар, өңірде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың арқасында мұнай өндірісі 12 млн. тоннаға ұлғайтылатыны атап өтілді. Бұдан бөлек, сұйытылған мұнай газы, жанар-жағармай материалдары және мұнай-газ химия жобалары бойынша да оң өзгерістер байқалған. Электр энергетикасы саласында да айтарлықтай ілгерілеу бар.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, вице-министр оларға жауап берді. Жиын соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button