
Экология
Экологиялық мәдениет — басты назарда
Үкімет отырысында Премьер-министр экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
-«Президентіміздің идеясы – «Таза Қазақстан» бастамасын табиғатты қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар ойдың да, бойдың да тазылығын сақтап, адамның ішкі мәдениетін тәрбиелеу арқылы оны дұрыс өмір салтына айналдыру. Руханияттың дамуына ерекше көңіл бөлу керек.
Айналаңдағы адамдарға, дәстүрлі құндылықтарға құрметпен қарау, қоғамдық жауапкершілікті дамыту және еңбекқорлық Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” бастамасын іске асырудың маңызды бағыттары болуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.