Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтар

Тараз маңында тағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді — видео

Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында осыған дейінгі өрт кезінде зақымданған қауіпті зат жарылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.  

Жарылыс 10 қазанда сағат 7.20 шамасында болған.

«Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері  жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта болды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты», — деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін. Бұдан бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілмек.

Қазіргі уақытта 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Sputnik.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button