Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАҚұқық

ТАҒЫ БІР АТЫРАУЛЫҚ КӨПІРДЕН СЕКІРІП ӨЛМЕК БОЛДЫ (+видео)

Атыраулық полицей түн ішінде көпірден секірмек болған ер адамды райынан қайтарды.

25 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында 102 арнасына Жұмыскер-Балықшы көпірінің үстінде белгісіз ер адамның суға секірмекші болып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция батальонының взвод командирі полиция аға лейтенанты Асланбек Ғарифуллин дереу өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте тұрған 1987 ж.т., қала тұрғынымен профилактикалық келіссөз жүргізген. Аталған азамат тәртіп сақшысына өзінің екінші топ мүгедек екенін, отбасына ақша жеткізе алмағандықтан көпірден секірмекші болғанын айтқан. Әңгімелесу сәтті аяқталып, қала тұрғыны өз райынан қайтқан.

Медициналық сараптаманың қорытындысымен 35 жастағы азаматтың жеңіл дәрежелі масаң күйде екендігі анықталып, №1 қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу бөліміне тапсырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button