БЕЙНЕЖАЗБАЭкология
Су деңгейі төмендеді (+ВИДЕО)
Жылыой ауданы бойынша 22 сәуір сағат 23.00-дегі жағдай бойынша ақпарат белгілі болды.
https://youtube.com/shorts/wN9t57c4DuM?feature=share
ТЖД және ЖАО күштерімен Соленый көлінің жағалауында жер үйіндісін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Суды соруға 2 техника (ПНС-100, АР-2) және 5 мотопомпа жұмылдырылды. Құрсай өзеніндегі су деңгейі 30 см-ге төмендеді.
Жұмылдырылған күштер мен құралдар: Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (25 қызметкер және 3 бірлік техника), жергілікті атқарушы орган (20 қызметкер және 12 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (4 қызметкер және 2 бірлік техника).
«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»