ҚХП төрағасы Айқын Қоңыров экзит-пол нәтижесі туралы не деді? (+ ВИДЕО)

1 3 БЕЙНЕЖАЗБА


ҚХП Төрағасы Айқын Қоңыров сайлаушыларын құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Экзит-пол нәтижесі бойынша сайлауда 9,03 пайыз дауыс жинаған Қазақстан халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров әріптестерін құттықтады. Ол алдын ала жарияланған нәтижеге көңілі толатынын білдіріп, сайлауда жеткілікті дауыс жинаған және қатысқан өзге партияларға сәттілік тіледі.

«Сайлауалды науқан кезінде депутаттыққа үміткерлер үшін тең жағдай қарастырылды. Ешқандай қиыншылық пен кедергі болған жоқ. Экзит-пол нәтижесі біздің мүмкіндігіміздің мол екенін көрсетеді. Сайлауалды жұмыстарға қатысқан әріптестеріме және сайлаушыларға ризашылығымды білдіремін», – деді Қазақстан халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз