«АВАНГАРДТА» НЕ БОЛҒАН? (+видео)
Атырауда есірткілік уытқұмарлық мас күйде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты.
17 шілде күні сағат кешкі 20:35 шамасында Атырау қаласы полиция басқарамасының жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы Авангард мөлтек ауданында «Skoda» маркалы автокөлігінен белгісіз әйел адамның төрт ер азаматқа белгісіз дәріні сатып жатырғанын байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Патрульдік полиция қызметкерлері аталған автокөлікті Жерұйық мөлтек ауданы тұсынан тоқтатып, тексеріс кезінде аталған көлік жүргізушісінің алькогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғандығы анықталды.
Аталған факті бойынша 1992ж.т. автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігіне (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есікртілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) сәйкес әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырып,15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал, психотропты дәрі сатқан азаматшадан 13 дана трамадол және 5 дана тропикамид психотропты дәрілері тәркіленді. Оған қатысты шешім шығару үшін медициналық экспертиза тағайындалды.