БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарЭкология
Атырауда жағымсыз иістің қайдан шығып жатқаны белгілі болды… (+ВИДЕО)
31 наурыз сағат таңғы 05:00 – де Атырау облысы бойынша экология департаменті мен «Казгидромет» РМК АОФ бірлесе қаланың әрбір жерінен ауа сапасына мониторинг жүргізді.
Атырау облысы экология департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шекті концентрация көлемі көрсеткіші нормадан бірнеше есе асқаны белгілі болды. Жел бағыты солтүстіктен соққандықтан, бұл жағымсыз иіс “КВАДРАТ” булану алаңынан шығып жатқаны анықталды. Анықталған сынама қорытындысы, санитарлық эпедимиологиялық қадағалау департаментіне жолданады.