БЕЙНЕЖАЗБАЭкология
Жылыойда су басу қаупі бар ма? (+ВИДЕО)
Жылыой ауданында елді мекенді су басудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде…
22 сәуір сағат 12.00-дегі жағдай бойынша екі аула аумағындағы су басу жағдайы сол қалпында. Тұрғын үйлерге су кірген жоқ. ТЖД және ЖАО күшімен жер үйіндісін тұрғызу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өзендегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде.
Жұмылдырылған күштер мен құралдар: Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (10 қызметкер), жергілікті атқарушы орган (20 қызметкер және 12 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (4 қызметкер және 2 бірлік техника).
«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»