Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Жеңіс күніне орай облыстағы ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсетіледі

Атырау қалалық, аудандық мәслихат шешіміне сәйкес Жеңіс күніне орай облыстағы марапатталған 21 тыл ардагеріне 100 мың теңге, марапатталмаған 872 ардагерге 50 мың теңге, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарында кәмелетке толмастан қамалған тұтқынға 1 млн. теңге, ҰОС-ның қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайына, яғни 26 адамға 60 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қазір аймақта екі мыңнан астам ардагер бар. Оларға үкімет тарапынан мемлекеттік төлемдер мен әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді.

-Жеңіс күніне орай ардагерлерді құрметтеп, қолдау көрсету дәстүрге айналды. Жыл сайын мереке қарсаңында азайып бара жатқан ардагерлерге арнаулы көмек бөлінеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын табады. Мейрам қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында салтанатты кездесулер, мерекелік жиындар мен естелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ оларға медициналық көмек, коммуналдық жеңілдіктер және басқа да әлеуметтік қолдаулар қарастырылған, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button