Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына аз уақыт қалды. Бұл тарихтағы жай ғана күн емес, бейбітшілік үшін күрескендердің өлшеусіз ерлігін, батылдығы мен жаугештіліктерін тағы бір мәрте еске алатын сәт. Ата-бабаларымыздың жеңістерін еске алу – біздің ұрпақтарымыз үшін басты міндет.

Ұлы Жеңіс – бүкіл адамзаттың жадында мәңгі сақталатын батылдық пен табандылықтың символы. Бұл күн біздің жүрегімізде мәңгі қалып, майданда соғысқан, ең қорқынышты шайқастарда кері шегінбеген батырларға құрмет көрсетеміз.
Майданнан оралмағандар, туыстарына оралуға үлгермей, жақындарымен және достарымен кездесуді күтпей, Отан үшін өз өмірін қиғандар екенін ұмытпау керек. Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Біздің мыңдаған отандасымыз майданда шайқасты және олардың жартысына жуығы үйлеріне оралмады.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай осы жылдың 29 қаңтарында Ұлттық ұлан қатарында «100 күн жеңіске дейін» акциясы басталды. Осы акция аясында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен әртістері қоғамдық орындарда, қала көшелерінде және қоғамдық көліктерде Жеңіс әндерін орындады. Олар сондай-ақ Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, құттықтап, ризашылықтарын білдіріп, жүректерінің жылуын жеткізді.
Бұл акциялар тек мұнымен шектелмейді. Әскери бөлімдерде белгілі тұлғалармен, ақындармен және жазушылармен кездесулер, тақырыптық кештер және басқа да іс-шаралар өтеді. Сонымен қатар әскери қызметшілер аулаларын қар мен қоқыстардан тазарту арқылы тыл еңбеккерлеріне көмектесті. Бұл игі істер алдағы уақытта да жалғасады.
Ұлы Жеңіс – бұл тарихи оқиға ғана емес, ол батылдықтың, рух күшінің және Отанға деген сүйіспеншіліктің символы. Ал батыр ата-бабаларымыздың ерлігін құрметтеу оны ұрпақтан ұрпаққа насихаттау – бізге міндет.

Ерлан ИПАТОВ,
ҚР Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің командирі, полковник

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button