Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Ұландықтар тыл ардагерін ұлықтады

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінің командирі, полковник Ерлан Ипатов бастаған әскери оркестр Атырау қаласының тұрғыны, тыл ардагері Үміт Сүпғалиеваның үйіне арнайы барып, айтулы мерекемен құттықтады. Бөлім командирі ардагерге ел болашағы үшін жасаған жанқиярлық еңбегі мен табанды қайраты үшін ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери оркестр соғыс жылдарындағы жауынгерлік әндерді орындап, ардагерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Көз жасына ерік берген Үміт әжей сол бір зұлмат жылдарды еске алып, бүгінгі бейбіт өмір үшін шүкіршілік ететінін атап айтты. Ол өз сөзінде елде енді қайтып соғыс болмасын, халықтың бірлігі мен тыныштығы баянды болсын деген ақ батасын берді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бастамасымен «Ұлы Жеңіске – 100 күн» атты жалпыреспубликалық акция өтіп жатыр. Акция аясында Ұлттық ұлан сарбаздары жүз күн бойы түрлі патриоттық іс-шара өткізіп, Жеңіс күнін кең ауқымда атап өтуде.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button