Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерінің есімі берілді

Бүгінгі бейбіт күннің құндылығы мен тыныштығын тұғырлы етіп тұрған әрбір майдангердің ерлігі мен есімі – ұмытылмас мұра. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өту туралы бастамасы аясында Атырау қаласы Алмалы ауылдық округі әкімдігі мен ауыл тұрғындарының қолдауымен, Береке ауылындағы атаусыз тұрған көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері және еңбек ардагері, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, «Қызыл Жұлдыз» және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендері мен «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалі, сонымен қатар, Маршал Жуков медальдарының кавалері Құмар Құбашевтің есімі берілді.

cf3f319e 6981 4d0c b735 d9e949aaa930

-Бүгінгі салтанатты шараның негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері, бірнеше мәрте ордендер мен медальдармен марапатталған Құмар Қуанышәліұлының есімін ұрпаққа жеткізу. Ол – өз өмірінде көптеген қиыншылықтарға төтеп берген, майданда жаумен шайқасып, соғыстан кейінгі уақытта да еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан жан. Бүгін біз осы батыр тұлғаның есімін мәңгілікке Береке ауылында қалатын көшелердің біріне беріп, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл шешім ауыл тұрғындары мен қоғамдық кеңестің бір ауыздан қолдауымен қабылданды. Құмар атамыздың есімі біздің тарихымызда мәңгілікке сақталып, оның ерлігі әрдайым жадымызда жаңғырады,- дейді Алмалы ауылдық округі әкімі Гүлшат Төлегенқызы.

9406a5da 5dbb 472c 810d 1b8fa94c43dc

Қ.Құбашевтің ұрпағының атынан оның тұңғыш ұлы Ізғали Құмаров алды. Ол әкесі туралы жүрекжарды естеліктер айтып, барша ауыл тұрғындары мен қонақтарға шынайы алғысын білдірді.

dbe84bdd 1e23 46ff aeea 71fd01c0c3e1

Шараның соңында Құмар Қуанышәлі есімін мәңгілікке сақтау үшін оның ұрпақтары мен ауыл тұрғындары атаның есімі жазылған тақтайшаның маңына ағаш көшеттерін отырғызды.

a5097b52 4633 409f aa88 815c405dbf39

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button