Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Ерлік ешқашан ұмытылмауы тиіс!

Отан үшін жанын қиып, антқа адал, сертке берік болған жаужүрек батырларымыздың есімі ешқашан ұмытылмауы тиіс. Өйткені, жастығын майдан даласында қалдырған жауынгерлердің әрқайсысы – туған жердің азаттығы жолында ерлікпен шайқасқан қайсар рухты қаһармандар. Бейбіт күн үшін күрескен майдангердің есімі – мәңгілік, ерлігі – ұрпаққа аманат. Біздің кейіпкеріміз Бекқали Дүйсенғалиев те туған елдің болашағы үшін кеудесін оққа тосты.

1916 жылы Гурьев қаласындағы қарапайымотбасында дүниеге келген Бекқалидың әкесі Дүйсенғали Баймағамбетов жұмысшы болып еңбек еткен. Анасы Илан Баймағамбетова шаңырақтың түтінін түзу ұшыруға тырысты. Жұмыскер поселкесіндегі №8 сегізжылдық мектепте білім алған.
Мектептен кейін соғысқа кеткенше азын-аулақ мал қарап және ата-анасына көмектескен. 1944 жылдың 7-қарашасында Ұлы Отан соғысына алынып, 1945 жылдың 17-қаңтарында 82 атқыштар гвардиясы полкіне жіберілген. Содан ауыр жараланып, эвако-госпитальға түскен. 1945 жылы 20-шілдеде соғыстан босатылып елге Ұлы Отан соғысының ІІ топ мүгедегі болып оралған. Жолдасы Нұржамал Жұмағалиева екеуі 7 баланы өмірге әкеліп, тәлім-тәрбие берген. Бүгінде барлығы үлкен әулетке айналған.
1950 жыдан 1976 жылға дейін «Гурьеврыбпром» біріккен мекемесінің Жұмыскердегі бөлімшесінде қызмет атқарған. 1977 жылы денсаулығы нашарлап, қыркүйек айында дүниеден озған. Әкеміз Бекқали Дүйсенғалиевке 1955 жылы КСРО Жоғарғы КеңесіПрезидиумының Жарлығы бойынша «Ерлігі үшін» төсбелгісі табыс етілген. Ұлы Жеңіске қол жеткеннен кейін Гурьев қалалық әскери комиссариатынан «За победу над врагами» медалі берілген. Содан кейін мерейлік медальдармен марапатталған. «Отан үшін отқа түскен» ержүрек майдангерлеріміздің есімі ұмыт қалмауы тиіс.

Аязбай ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ,
майдангердің
ұлы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button