Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

«Еркін елдің ұраны»

Сәрсенбінің кешінде Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай өткен мерекелік іс-шара осылай аталды.

0c360f99 d15e 4870 b180 4f72343fde6f

Сан ғасырлық тарихында қазақ халқы өз жерін, тілін, ділін және ұлттық құндылықтарын қорғау жолында талай қиындықты бастан өткерді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – сол күрестің, сол батырлықтың жарқын жемісі. Бабалар аманатына адал болу — әрбір азаматтың қасиетті парызы.
Іс-шара барысында Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония мен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары көрермендерге патриоттық рух сыйлап, мерекелік концерт ұсынды.
Мерекелік концертті тамашалауға келген қала кентінің тұрғыны Әйгерім Қабдырахманова осындай іс-шаралар жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, батыр бабаларымыздың ерлігін ұмытпауға үндейтінін айтады.
– Қарулы күштерімізге деген құрмет күн санап артып келеді. Тыныштықтың, бейбіт өмірдің қадірін білуіміз керек. Менің атам Қабдырахман – соғыс ардагері. Ерлігі үшін бірнеше рет марапатталып, елдің алғысын арқалаған жан. Әжем Кәкима Қалуқызы да соғыстың салқынын сезініп, зұлмат кезеңнің қиындығын көрген. Сондықтан бәріміз де елдің бейбітшілігі тұрақты болуына атсалысуымыз керек. Ұрпақтарымызды да сол бағытта тәрбиелеп келеміз. Үлкен ұлымның да әскер қатарында болып, елінің мақтанышы болғанын қалаймын. Өзімнің әкем де, әулетке қарасты ағаларым да әскер қатарында болып сап түзеген. Ата-анамыз да отбасында үнемі елге қызмет ету керектігін баса айтып отырады, — дейді ол.
Мерекеге жиналған халық елдің қорғаны – әскери қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, батырлық пен ерлікке тағзым етті.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button