
«Елім менің – жүрегімнің жыры»
Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында UTEBAEV UNIVERSITY-де өткен патриоттық әндер фестивалі осылай деп аталды.

Университетте елге деген сүйіспеншілікті ояту, ұлттық рухты көтеру және студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту мақсатындағы фестиваль оқу ордасының дәстүрлі мәдени іс-шараларының біріне айналып, жастарға отансүйгіштік рух сыйлап, туған елге деген мақтаныш сезімін оятты.
Фестиваль барысында университеттің түрлі факультеттерінен жиналған дарынды жастар өздерінің жүрек тебірентер әндерімен көрерменнің көңілінен шыға білді. Репертуарда халқымыздың рухын көтерген тарихи әндер де, заманауи патриоттық шығармалар да орындалды. Әрбір өнерпаз туған жерге деген махаббатын әнмен жеткізді.

Іс-шараға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері, сондай-ақ студенттер қауымы белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен ерекше рухани әсер алды.
-Осындай іс-шаралар шығармашылықты ғана емес, сонымен қатар ұлтқа деген сүйіспеншілікті, тарихи сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады,- деп атап өтті UTEBAEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.
Фестивальге Әскери кафедра студенттері де қатысты. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасындағы әскери кафедрада UTEBAYEV UNIVERSITY-дің 57 студенті білім алуда.