Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Ел ерлерінің ерлігі ұлықталды

Атырау қаласындағы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Батырлар партасы» атты салтанатты іс-шара өтті.

Жиында жерлес батырлардың ел үшін жасаған рухты ерен еңбектері, қайсарлығы жайлы сыр шертілді. «Батыр партасына» отыру құрметіне алғашқылардың бірі болып оқуда озат, пәндік олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына, сондай-ақ, мектептің белсенді оқушылары ие болды.


– Бүгін біз өте маңызды әрі ұлықтауға лайықты салтанатты жиынның куәгері болудамыз. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу және батырларымыздың ерлік істерін насихаттау. Осындай ұлы мұраларды ұлықтап, ұрпақтар арасындағы рухани байланыс пен құрметті сақтау арқылы қазақ халқының қайсарлығын ұрпақтан ұрпаққа жалғаймыз, — дейді аталған оқу орнының директоры Нұрлан Елеуов.

Салтанатты жиынға облыстық блім беру басқармасы Әдістемелік орталықтың басшысы Досжан Болатбекұлы, «Батыс» өңірлік әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Елдос Бозгулов, және Ауған соғысы ардагерлер одағы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Толыбай Шәкіров пен батырлардың ұрпақтары қатысты.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button