Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Ел айбыны мен бірлігінің айқын көрінісі

Астана қаласындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад – ел айбыны мен бірлігінің жарқын айғағы болды. Біз, бір топ атыраулықтар, бұл тарихи сәттің куәсі болдық.


Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің кәсібилігін, мемлекеттілігіміздің мызғымас негіздерін және халықтың ынтымағы мен бірлігін айқын көрсетті.
Иә, жоғарыда айтқанымдай, биылғы парадтың ерекшелігі – оның Жеңістің 80 жылдығына арналуы. Бұл – ата-бабаларымыздың Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігіне тағзым етіп, олардың жанқиярлық батырлығын еске алуға бағытталған тағылымды іс-шара болды. «Ер есімі – ел есінде» демекші, осындай тарихи оқиғалар ұрпақ санасында мәңгі сақталуға тиіс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парад барысында сөйлеген сөзінде ұлттық қауіпсіздік пен ел тыныштығына негізделген сыртқы және ішкі саясаттың маңыздылығына ерекше тоқталды. Президент көтерген бастамалар – халықтың бірлігі мен мемлекет тұрақтылығының кепілі. Оның сөзі ел ертеңіне деген сенімді арттырып, жұртшылыққа рух пен жігер сыйлады.
Бұл әскери шара ұйымдастыру мен өткізу деңгейі жоғары кәсібилік пен үйлесімділікті паш етті. Әскери техника шеруі, бөлімдердің саптық жүрісі мен тактикалық қойылымдар көрермендерге үлкен әсер қалдырды. Әрбір жауынгердің нық қадамы мен тәртіпке бағынышты әрекеті – армиямыздың сапасы мен даярлығының айғағы.
Әскери қызметшілер – ел қорғаны, мемлекеттің мызғымас тірегі. Олардың бойындағы жоғары тәртіп, темірдей тәртіп пен отансүйгіш рух шерудің шын мәніндегі өзегіне айналды.
«Туған жерге туың тік» деген қазақтың сөзі бекер айтылмаса керек. Мұндай парадтар жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ерекше әсер етеді.
Бүгінгі парад – тек әскери шеру ғана емес, ол елдің бірлігі мен қуатының, өткенге құрметтің, болашаққа деген сенімнің көрінісі болды.
Осындай тағылымды шаралар – ел рухының асқақтығын айшықтайтын, ұлттың ұйысуына дәнекер болатын мәні терең мерекелердің бірі.

Роман МАҚСОТОВ,
«ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері” РҚБ Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button