Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Берлинге жаяу жеткен батыр

Отан үшін от кешкендер ұмытылмайды. Сол бір сұрапыл соғыстың ортасында ерлігімен ел жадында қалған майдангердің бірі – Түсіпқали Сәрсемәлиев.

dcb8f19a fad4 469c 8638 0ba0de0b7192

1942 жылдың қаңтар айы. Еліміз Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңін бастан өткеріп жатқан уақыт. Алдыңғы шепте күн-түн демей кескілескен ұрыстар жүріп жатты. Атырау облысы, сол кездегі Бақсай ауданының азаматтары да сол сын сағатта Отан қорғауға аттанды. Олардың қатарында Қызылқоға өңіріндегі Қарабауауылында дүниеге келген, кейін Жайық бойына қонысаударған еңбек адамы – Түсіпқали Сәрсемәлиев те болды.

Ол кезде Түсіпқалидың жасы әскерге шақыртужасынан асып кеткен еді. Үш баланың әкесі, отбасының тірегі болатын. Бірақ ел алдындағыборышты бәрінен биік қойған ол майданға өз еркіменсұранып аттанды. Бұл — оның жүрегінде тасқа қашалғандай орныққан отансүйгіштік пен азаматтықборышқа деген адалдықтың айғағы еді.

0618e55d 2abc 4d6e 8ce5 2f8fd02900f5 1

Сарбаз ретіндегі алғашқы әскери дайындығы Ресейдің Тула қаласының маңында өтті. Бұл өңірде қатты аяз, сұсты ауа райы мен темірдей тәртіп оны нағызжауынгерлік өмірге үйретті. Осы жерден бастапТүсіпқали Сәрсемәлиев майдан шебіне аттанып, Орал мен Курск бағытындағы ауыр шайқастарға қатысты. Әр шайқас — бір белес. Әр жеңіс — қанмен жазылғантағдыр. Оның ерлік жолы 1943-1944 жылдары Белоруссия майданында жалғасты.

  Минск қаласын жаудан азат ету операцияларынақатысқан Түсіпқали атаның ерлігі ел жадында. Осыданкейін Шығыс Пруссия бағытына жіберіліп, немісбасқыншыларының негізгі бекіністерінің бірі — Кёнигсберг қаласына дейін жетті. Фашизмнің ордасыБерлинге дейінгі ауыр әрі ұзақ жорық жолын да жүріпөтті. Ол бұл қалаларға темір сауытта емес, нағызержүрек жауынгер ретінде жаяу жетті. Соғыстың соңғыаккорды саналатын Берлин үшін болған шайқасқақатысып, жеңістің жаршысы болғандардың бірі атанды.

  Майдан даласындағы ерліктері елеусіз қалмады. Ол»Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «Берлиндіалғаны үшін» медальдарымен және басқа да жауынгерлік наградалармен марапатталды. Бұлмарапаттар — оның ұрпаққа қалдырған үнсіз дауысы, жүріп өткен ауыр жолының жарқын белгісі.

   Соғыстан кейін Түсіпқали Сәрсемәлиев туған елінеоралып, бейбіт өмірге араласты. Жастайынан еңбеккеараласқан ол ауыл шаруашылығы саласында белсендіеңбек етті. 12 жасынан бастап қара жұмыстың бел ортасында жүрген жан жетпіс жасына дейін тынымкөрмей, ұрпаққа адал еңбектің үлгісін көрсетіп өтті. Соғыстың денесіне ғана емес, жан дүниесіне де салғанжарасы болғанымен, ол ешқашан мойымады. Қайсарлығы мен еңбекқорлығы оның бар болмысынайқындап тұрды.

  Бүгінде біз бейбіт өмірде өмір сүріп отырмыз. Бірақбұл тыныштық Түсіпқали сынды аталарымыздыңбоздақтардың қанымен келген қасиетті жеңістің жемісі. Олар — туған жерге оралмаса да, Отанға қалтқысызқызмет еткен, қан майданнан аман келгенімен, өмірбойы сол ауыр күндердің салмағын арқалап өткеналыптар. Түсіпқали Сәрсемәлиевтің есімі — тарихтаалтын әріппен жазылар есімдердің бірі. Оның өміржолы – бүгінгі ұрпақ үшін үлгі, болашаққа қалдырғанаманат.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button