Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Батыстық ұландықтар үздіктердің қатарында

Қарағанды қаласында өткен Ұлттық ұланның волейбол чемпионаты өз мәресіне жетіп, үздік командалар анықталды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр өңірінен жеті мықты команда қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті.

e10c324d de58 4e22 b457 b0599534cffb 1

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш күнге созылған тартысты ойындар барысында әскери қызметшілер өз шеберліктерін, төзімділіктерін және командалық рухын танытты. Жарыс қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы жеңіс тұғырынан көрінсе, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы да намысты қолдан бермей, екінші орынды жеңіп алды. Ал үшінші орынды «Орталық» өңірлік қолбасшылығының командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар, медальдар және грамоталар табыс етілді. ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Бауржан Әбжанов турнирдің әскери қызметшілер үшін үлкен сын болғанын атап өтті. Ол ұландықтардың бірлігі мен ерік-жігерінің жоғары деңгейде екенін айта келе, бұл жетістік қажырлы еңбек пен үздіксіз дайындықтың жемісі екенін жеткізді.

Бұл жарыс әскери қызметшілердің тек Отан қорғаушылар ғана емес, сонымен қатар спортта да мықты, төзімді әрі қайсар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Осылайша Ұлттық ұлан жауынгерлері тек әскери қызметте ғана емес, спорттық алаңдарда да биік белестерді бағындырып келеді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button