Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Батыр ұрпақтары құрметке бөленді

Ұлы Жеңіс – тек Кеңес халқына ғана емес, бүкіл әлемге бейбіт өмір сыйлаған бірегей оқиға. Сол жеңісті жақындату жолында қан майданда жан аямай шайқасқан жауынгерлер мен тылда қажырлы еңбек еткен азаматтардың ерлігін ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Осыған орай, облыстық ардагерлер кеңесі мен О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі ұжымы бірлесіп, “Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұран” атты тақырыпта мерекелік кездесу өткізді.

cf43bd77 7eed 4f35 9f88 1a79879c8638

Бұл шара ерліктері елге аңыз болған Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұрпақтарына, балалық шағын еңбекпен өткізген тыл ардагерлеріне арналды.
Жиналған жұрт бір минут үнсіздікпен Ұлы Жеңіс жолында жанын пида еткен батырлар рухына тағзым етті. Іс-шараны облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов ашып, Жеңіс күнінің маңызын айрықша атап өтті. Одан кейін сөз кезегі колледж директоры, т.ғ.д., профессор Ислам Жанұзақовқа беріліп, ол шараның ұрпақтар сабақтастығы мен патриоттық тәрбиеге негізделгеніне тоқталды.

3fc3ed65 0cb5 4bc3 bf8f 5bd8ad39fd57

Музыкалық сәлем жолданып, кештің құрметті қонақтары ретінде шақырылған қоғам қайраткерлері мен ардагерлер сөз сөйлеп, соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Жиынға Атырау өңірінен шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары Қайырғали Смағұлов, Боран Нысанбаев, Георгий Канцев, Шүкір Еркінов, Полынин Евгений Михайлович, Ғизат Әліпов, Шамин Гавриил Петрович сынды жауынгерлердің ұрпақтары да қатысты. Сонымен қатар Даңқ ордені мен Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, Берлин операциясына қатысқан аға сержант Құттығұл Құлтаевтың баласы Мазап және 1943 жылы ерлікпен қаза тапқан Қуанышқали Иманқожинның ұрпақтары да шараға арнайы шақырылып, ел алғысына бөленді.

0164a923 b915 4aef bb71 4fa270811b22

Кездесу барысында бүгінгі бейбіт өмір – кешегі жауынгерлер мен еңбек адамдарының жанқиярлық еңбегінің жемісі екені айтылды. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі дамуы мен кемел келешегі – дәл сол батыр бабаларымыздың ерлік жолының жалғасы. Бұл тағылымды кездесу – жас ұрпаққа Отан сүйгіштік, тарихқа құрмет пен елжандылық рухын сіңірудің жарқын үлгісі болды.

d6ec8c57 c77c 44b7 aeee 313d824c1605

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button