
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
Атырауда тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Жеңістің 80 жылдығына орай Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған мешіт қызметкерлері тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, рухани қолдау көрсетті. Қиын-қыстау кезеңде елге сіңірген еңбектері үшін алғыс айтылды. Дін қызметкерлері ардагерлермен сұхбаттасып, баталарын алды.
Игі іс-шара – жас ұрпақтың тарихи жадын жаңғыртып, Отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған. Ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталды.
Батыс Қазақстан өңірі – Ұлы Отан соғысы жылдары тылдың тірегі болған аймақ. Мұнайлы Атырау өлкесі майданға жанармай, азық-түлік және адам ресурстарын үздіксіз жеткізіп отырды. Мыңдаған атыраулық майдан мен тылда жанқиярлықпен еңбек етті. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл – ерлік пен елдікке толы тарих.