
Ардагерлер батыр есімін ардақтады
Биыл Ратушаға алғаш жеңіс туын тіккен қаһарман, МҚК – ҰҚК ардагері, подполковниктың туғанына — 100 жыл. Батырдың есімін ұлықтау мақсатында ардагерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті. Сайысқа 7 команда өзара мықтыны анықтады.
Турнирге батырдың ұрпағы Махамбет Мәденов арнайы қатысты.
– Атақты қолбасшы Жуков өзінің кітабында: «Взвод лейтенант Маденов первым ворвалься Берлинскую ратушу» деп жазады. Әкем өмірден ерте кетті. Ол кезде мектепті енді бітіргенмін. Ол өте қарапайым, көп сөйлемейтін адам болды. Соғыс туралы сұрағанда айта бермейтін. Әкемізді еске алып, оның атына жарыс ұйымдастырып жатқанына қуаныштымыз, — деді М.Мәденов.
Батырға арналған спорттық іс-шаралар облыста жыл сайын өткізіліп тұрады. Ашық турнирге полиция департаменті, төтенше жағдайлар, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ардагерлері қатысты.
«ҚР ҰҚК ардагерлері» РҚБ АОФ төрағасы Роман Мақсотов осы іс-шара арқылы ардагерлер ортасында спортты насихаттап, олардың көңіл-күйін көтеруге септігін тигізетіндігін айтады.
– Бұл кісі үлкен ерлік жасаған. Атамыздың жасаған ерлігін мадақтап, жергілікті атқарушы органның, облыс әкімінің атына ұсыныс берген едік. Сол ұсыныстың шеңберінде жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдау тауып, турнирді өткізіп жатырмыз, — деді бірлестік төрағасы.
Кенжебай Мәденовтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар легі ертең де жалғасады. Сондай-ақ ғалымдар мен тарихшылардың қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ