
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
103 жастағы майдангер Семей қаласының құрметті ардагері атанды
Ардагерді құттықтау үшін ҚР Қарулы Күштері Ұлттық-әскери-патриоттық орталығының Семейдегі филиалының әскери оркестрі келіп, Әбдіғали Қаймолдинді және оның жақындарын соғыс жылдарындағы әуендермен қуантты.
ABAI AQPARAT таратқан мәліметке сүйенсек, Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы бұрынғы Семей облысы Абралы ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, Сталинград, Бірінші Украина, Үшінші Балтық майдандарында соғысқан. 1946 жылы маусымда демобилизацияланды. 2025 жылдың 30 маусымында ол 104 жасқа толады.
Айта кетейік, былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді.