Жарнама
Ұлттық құрылтай

Толғақты мәселелердің тоғысқан тұсы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» қоғамын құру жолында берген тапсырмалары мен солардың негізінде қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жолында жүзеге асырылар жобалар жеткілікті, атқарылар жұмыстар ауқымды.

Кезекті Құрылтай басталған сәттен-ақ орындалуы жоспарланып, бір парасы орындалып та үлгерген іс-шаралар әңгіме арқауына айналып, қатысушылардың назарына ұсынылып отыр. Атырау өңірінің ғана емес, тұтастай елдің өсіп-өркендеп, дамуына соны серпін, жаңаша леп беретін жобалардың іске асырылуы барысында кездесетін қиындық-кедергілер де осы алқалы басқосуда ашық айтылып, қордаланған проблемаларды оңтайлы шешу жолдары қарастырылып, жан-жақты талқыланады деген ойдамын.

Қорыта айтқанда, бүгінгі Атырау жерінде өтіп жатқан алқалы жиын ел тағдырын шешіп, кемел келешегін айқындар толғақты мәселелердің тоғысқан тұсы болып табыларына сенімдімін. Құрылтайдың жұмысына сәттілік тілеймін!

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Республикалық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button