Ұлттық құрылтай
Сарайшық музейіне ұлттық деңгейде маңыз беріледі
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Атырауда өтіп жатқан ІІІ Ұлттық құрылтайдың алғашқы секциясында атап өтті.
– Еліміз бойынша аспан астындағы 12 музей бар. Оның ішінде Сарайшық музейінің маңызы ерекше. Аспан астындағы музейлерді дамыту, танымдық бағыттағы мазмұнын арттыру, тарихи құндылықтарымызды әлемге таныту мақсатында, шетелдік ғалымдармен бірге жұмыс жасайтын боламыз. Қазіргі уақытта Сарайшық музейінің танымдық жұмыстарын арттыру мәселесі де қолға алынды, – дейді спикер.
Министрдің айтуынша, алғашқы секцияда көтерілген мәселелердің барлығы ұлттық құрылтайдың хаттамасына енгізіледі.