Құрылтай мүшелерінің белсенділігі – мемлекет пен қоғам арасындағы азаматтық институттың дамып келе жатқаны
Бүгін Атырауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтеді.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин маңызды жиынның бірінші күнінде өткен «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму» секілді секциялық отырысқа қатысқандардың белсенді болғанын ерекше атап өтті. Ол ұлттық құрылтай мүшелерінің мұндай белсенділігі мемлекет пен қоғам арасындағы азаматтық институттың дамып келе жатқанын көрсететінін жеткізді.
– Өткен төрт секцияда ұлттық құрылтайдың 70-тен астам мүшесі сөз сөйлеп, 100-ден аса ұсыныс-пікір айтылған. Басым бөлігі қоғамдық бірлікті одан әрі нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ғылыми әлеуетті арттыру, мәдениетті қолдау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, көші-қон процестерін реттеу және басқа да бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелерге қатысты, — деді Ерлан Қарин.