Мереке Құлкенов ұлттық спортты дәріптеуге шақырды
Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы бұл туралы ол Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы секциясында айтты. Оның пікірінше, елімізде ұлттық спортымыз бірінші қатарға шығуы керек.
– Мәселен, жеті номианция бойынша «Құлагер» бәйгесі жарияланып жатыр. Яғни, ұлттық ойындарымызды, ата-бабадан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді ұлықтау үшін қазақ әдебиетінде жаңа көркем шығармалар анықталады. Ал біз, жазушылар, Қазақстанда көркем шығарманың деңгейін көтеруге жұмыстанамыз. Соған сіздердің де пікірлеріңізді білсек дейміз. Жасыратыны жоқ, бүгінде қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттерге қарағанда кемшін жерлері көп. Әсіресе, прозадан шығармаларымыз, поэзиядан мықты өлеңдеріміз шетел тіліне дұрыс аударылмай жатыр. Осы мәселелерді де назардан тыс қалдырмауымыз тиіс, – деді ол.