Жарнама
Ұлттық құрылтай

«Ауқымды жобалар аймаққа тың серпін береді»

Туристер мекеніне айналған шежірелі Бурабайда өткен ұлттық құрылтай барысында ел президенті алдағы төрт жылда тәуелсіз мемекетімізде 200-ге уық инвестициялық жоба іске қосылатынын мәлімдеді. 

Атырау облысы – Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің орталығы саналады. Мұнда көптеген инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Биылдың өзінде өңірде оннан астам инвестициялық жоба іске қосылатынын білемін. Бұл бірнеше мыңдаған жұмыс орнын құруға мүмкіндік берері  сөзсіз. 

Мемлекет басшысы атап айтқандай, инвестициялық жобалар арқылы біз мемлекеттің жаңа индустриялық қалыбын жасап, көлік-транзит әлеуетін нығайта түсеміз. «Ауқымды жобалар аймақтардың экономикалық мүмкіндігін арттырады. Мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Жалпы айтқанда, ірі жобаларды жүзеге асыру – еліміздің осы аймақтағы көшбасшылық рөлін арттыратын бірден-бір жол»,-деді Президент. 

Айталық, өңірімізде қолға алынған полиэтилен өндіру жобасы ел экономикасына мультипликативті әсер беріп, ІЖӨ көрсеткішінің 1,2% өсуіне мүмкіндік береді және полиэтиленнен жасалған бұйымдар өндіру саласында шағын және орта бизнес үшін жаңамүмкіндіктер ашпақ. Мұнай-газ химиясына салынған әрбір доллар ел экономикасында 2-3 долларға өсім береді. Полиэтилен күнделікті өмірде және өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылатын бұйымдарды шығаруға, оның ішінде құбырлар, құрылыс және орауға арналған материалдар, автобөлшектер, медициналық жабдықтар және басқа да тауарларды өндіруге қолданылады.

Райхан МҰҒАУИНА, 

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті экономика кафедрасы, РhDқауымдастырылған профессор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button