
Ұлттық құрылтай
Адвокат қылмыстың көбею себебін айтты
ІІІ Ұлттық құрылтайда сөз алған адвокат Айман Омарованың айтуынша, бұқара арасындағы жағымсыз жарнамалардың көбеюі түрлі жайсыз оқиғаларды жиілетуде.
Заңгер нашақорлық, өзіне-өзі қол жұмсау, басқа да теріс әрекеттер – тиісті құрылымдар жұмысындағы олқылықтардың «жемісі» екеніне мән берді.
– Әсіресе әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегуі, балаларға әлімжеттік жасалуы, гендерлік теңдіктің болмауын терең талдай отырып, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді талап етеді, – деді құқыққорғаушы А.Омарова.