
«Сұрақ-жауап» айдары – Сіз үшін!
Құрметті оқырмандар!
Сіздердің назарларыңызға «Сұрақ-жауап» айдарын ұсынамыз. Бұл айдарда сізді толғандырған өзекті сауалдарға жауап алуға мүмкіндік бар.
Оқыңыз! Танысыңыз! Бәлкім, осы жерде жарияланған жауаптар сіздің де мәселеңіздің шешімін табуға көмектесер.
–Жер учаскесінің мақсатын өзгертуге болады ма?
–Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен регламенттелген. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді облыстың, қаланың, ауданның, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту – мемлекеттік қызмет және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Осы Кодекстің 49-1-бабының талаптарына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға қағаз жүзінде немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады.
Қызмет көрсету – тегін.
–Тұрғын үй көмегі кімдерге беріледі? Қайда өтініш беруге болады?
–Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтініш иесінің коммуналдық қызметтерге өткен тоқсанда жұмсаған шығыны мен отбасының өткен тоқсандағы жиынтық табысының шекті жол берілген үлесінің айырмасы ретінде белгіленеді.
Жиынтық табыстың шекті жол берілетін үлесі Атырау облысы бойынша 3-5 пайыз мөлшерінде белгіленген.
Тұрғын үй көмегін алу үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы өтініш беруге болады.
–Баланы І сыныпқа қалай тіркеуге болады және қандай құжаттар қажет?
–Білім беру мекемелері дайындық деңгейіне қарамастан, қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық баланың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды І сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Құжатты 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында тапсыру қажет. Құжаттар тізімінде 3х4 сурет, 052/2 баланың денсаулық паспорты, 065-е профилактикалық егу картасы міндетті түрде болуы қажет.
Портал арқылы қабылданған кезде 1 қыркүйектен бастап білім беру мекемесінің қызмет көрсету аумағында өтініш берген бірінші 3 үміткер содан кейін қызмет көрсету аумағынан тыс бірінші болып тіркелген 1 үміткер қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.