Жарнама
Сұрақ-жауап

Сұраңыз, жауап береміз!

Әлеуметтік салаға байланысты редакцияға оқырмандар тарапынан келіп түсетін сауалдар аз емес. Бүгінде олардың бірқатарына құзырлы мекемелерден жауап алынып, оқырман назарына ұсынылып отыр.

–Қала әкімдігінің тапсырысымен салынған және тұрғындарға пайдалануға берілген үйлердің сапасына қатысты қайда жүгінуге болады?         

–Үйлердің сапасына және ақаулар мен кемшіліктерді жоюға қатысты өтініштермен азаматтар көпқабатты үйлерді тапсырған сәттен бастап 2 жыл ішінде Атырау қалалық құрылыс  бөліміне хабарласа алады.

–Тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар қажет?          

–Тұрғын үйді жекешелендіру үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш: кәмелетке толған барлық отбасы мүшелері қол қойған өтініш;

2) куәліктердің көшірмелері: некеге тұру (бұзу) туралы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы, балалардың тууы туралы куәліктері;

3) жалдау шарты немесе тұрғынжай ордері: сіздің тұрғынжайды пайдалану құқығыңызды растайтын құжат;

4) сот шешімі: егер басқа адамдар көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп танылса, онда олар сот шешімінің көшірмесін ұсынуы тиіс;

5) әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар үшін: көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) әлеуметтік жағынан осал топтарға жататынын растайтын құжаттың көшірмесі;

6) жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі: мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері үшін;

7) ғарышкерлер мен ғарышкерлікке кандидаттар үшін: Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;

8) берешектің жоқтығын растайтын құжат: тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат;

9) жекешелендіру құқықтарын растайтын құжат: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқықтары бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.

Барлық қажетті құжатты, өтінішті E-Qazyna.kz порталы арқылы тапсыра алады. Егер қосымша сұрақтар туындап немесе көмек қажет болса, жергілікті атқарушы органдарға немесе E-Qazyna.kz порталына хабарласуға болады.

–Білім алып жатқан азаматтар «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» қызметін қалай ала алады?

–Бұл қызметті алу үшін elicense.kz порталына кіру қажет. «Қауіпсіздік» бөлімінен қажетті қызметті және мемлекеттік мекемені таңдау қажет. Әрі қарай ұсынылған және қосымша жолдарды толтырып, кейінге қалдыру себебін, сондай-ақ әскери есепке алу мәртебесінің орналасқан жерін көрсетіп, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктегеннен кейін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, өтінішке қол қою қажет.

Оқу кезеңінде білім алатын азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш;

2) оқып жатқандығын растайтын білім беру ұйымының анықтамасының электрондық көшірмесі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button