Жеті жасар чемпион

img 20240402 wa0189 Спорт

Құрманғазылық жеті жасар Айару Есенғұл көпшілікті сүйсінтті. І сынып оқушысы ел чемпионатында дойбыдан бірден үш медальды иеленіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Айару классикадан – І, рапидтен – ІІІ, блицтан ІІІ орынды жеңіп алды. Бір қызығы, республикалық додада Атыраудың атын асқақтатқан кішкентай чемпион 12 сәуірде Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатында өзінің туған бауыры Амирамен ел намысын қорғайды.

Айта кету керек, Айарудың 9 жасар апасы Амира Есенғұл – дойбыдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Ол Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер.

-Кішкентай чемпиондардың әкесі Ернар Қаражановтың айтуынша, қыздар дойбы ойнауды аталарынан үйренген. Отбасыларында негізінен дойбыны кәсіби ойнайтын спорт шебері жоқ екен. Олар ынта-жігерлерінің және жаттықтырушылары Бекжан Қабиевтің тынымсыз еңбегінің арқасында осындай жоғары жетістікке жетті. Бұл – біз үшін үлкен абырой, мақтаныш, – дейді аталған басқарманың баспасөз хатшысы Э.Тұңғатарова.

Жүйріктен жүйрік озған чемпиондардың алдағы қадамына біз де сәттілік тіледік.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз