
Жас дзюдошылар Атырауда бас қосты
Атырауда 2010-2015 жылдары туған ұлдар арасында өтетін «YSTYBAY OPEN CUP II» республикалық ашық турнирі биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл турнир елдегі жас дзюдошылар үшін үлкен сын алаңы әрі өз шеберліктерін көрсету мүмкіндік беріп келеді. Жарыс жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ынталарын арттырады.

Екі күнге созылған турнирдің қорытындысы бүгін жарияланады. Елдің әр өңірінен жиналған қатысушылар өзара мықтыны анықтау үшін бозкілемде белдеседі.
– Биылғы жарыс жас дзюдошылар үшін үлкен тәжірибе болып, болашақ чемпиондардың жолын ашуға септігін тигізеді, — дейді жарысты ұйымдастырушылардың бірі Қанат Ыстыбай.
«YSTYBAY OPEN CUP II» секілді жарыстар елдің спорт саласындағы болашақ резервтердә қалыптастыруға ықпал етіп, жастарға тек спорттық жетістіктер ғана емес, тәртіп пен төзімділікті де үйретеді.
А.ҚАБДОЛ