![Жаңбыр Бейбарыс ТМД ойындарында 84 келі салмақта чемпион атанды 1 whatsapp image 2021 09 12 at 18.09.45](https://atr.kz/wp-content/uploads/2021/09/whatsapp-image-2021-09-12-at-18.09.45.jpeg)
Спорт
Жаңбыр Бейбарыс ТМД ойындарында 84 келі салмақта чемпион атанды
2-13 қыркүйек күндері Ресей Федерациясының Қазан қаласында (Татарстан Республикасы) алғаш рет ТМД ойындары өтуде.
WKF Каратэ бәсекелерінде атыраулық спортшы жеңімпаз атанды. Жалпы, ТМД ойындарында Қазақстанның Каратэ-до құрамасы командалық есепте 6 алтын 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып отыр.
Айта кетейік, ТМД ойындарында 11 елдің спортшылары 21 спорттың түрі бойынша бақ сынауда. Олар – Әзербайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей құрамалары.