ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Бұл күні Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт бөлімі және дене шынықтыру бөлімі ұлттық спорт түрлерін ұйымдастырды.
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің алдында өткен жарыста ләңгіні 66 рет тепкен ауыл тұрғыны Нұржан Бекешов І орынды жеңіп алса, ІІ орынды ләңгіні 28 рет тепкен Шерхан Еңсегенұлы иеленді. Ал, 60 жастан асқан адамдар арасында Жанат Көпешов үздік деп танылды.
Ал, жақында ашылған саяси қуғын-сүргін құрбаны Құныскерей Қожахметов атындағы саябақта өткен садақ атуда Қайырбек Қабыл І орынды жеңіп алса, Тойлыбек Қабиев ІІ орынды, Мұратбек Қален ІІІ орынды иеленіп, асық ойынында Ернұр Мәдиұлы І орынды жеңіп алып, Дәулет Дәуренұлы мен Мақсат Мәлік ІІ және ІІІ орындарды өзара бөлісті. Жеңімпаз-жүлдегерлер бөлімнің атынан бағалы сыйлықтарға ие болды.