
Турнир ардагерге арналды
Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясында білім ордасының 1981 жылғы түлегі, Германиядағы Кеңес әскері тобының қатарында Отан алдындағы борышын өтеуде әскери тапсырманы орындау кезінде қаза болған Идеят Зирашевты еске алуға арналған мектеп оқушылары арасында әскери қолданбалы спорттық ашық турнир өтті.

«Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Т.Айтқалиев іс-шараның жас ұрпақ үшін маңыздылығын және тәрбиелік мәні жоғары екендігін атап өтті.

– «Елсана» руханият-патриоттық қауымдастығы «Көкжал» батырлар алаңы және «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша филиалы ардагерлерімен бірлесіп ұйымдастырып жатқан іс-шара ұрпақ сабақтастығы бағытында атқарылып отыр. Бұл турнир ардагерлер мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайтып, патриоттық рухты қалыптастыруға үлес қосты. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта ба жалғасын табады деп ойлаймын, — деді филиал басшысы.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген автор