
Спорт
Сүйінші! Сәкен Бибосынов ел қоржынына екінші алтын медаль сыйлады
Белград төрінде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық бокс шебері Серік Бибосынов 51 келі салмақ дәрежесінде америкалық Роско Хиллмен кездесіп, әлем чемпионы атанды.
Токио олимпиадасының қола жүлдегері бұл бәсекеде қарсыласынан қай жағынан да үстем болып, 5-0 есебімен ұтты.
Енді, бірер минуттан кейін шаршы алаңға 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Серік Теміржанов алтын алқа үшін қолғап түйістіреді.
Алмас ҚАБДОЛОВ
