Спортқа құштарлық артып келеді
Соңғы кезде Махамбет ауданында бірқатар спорт кешені бой көтерді.
Айталық, 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сай, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылындағы спорт кешені, Таңдай ауылындағы спорттық алаң 2024 жылға, Ортақшыл ауылына спорт кешені 2025 жылға жоспарланып қойылған болатын.
2022-2025 жылдарға арналған Махамбет ауданының аумақты дамыту бағдарламасы бойынша 2023 жылға Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл, Есбол, Жалғансай ауылдарына жасанды төсеніші бар ашық спорт алаңдарының құрылысын салу жоспарға енгізілді. Ал спортшыларымыз өз кезегінде ел чемпионаттарында бірқатар жетістікке жетіп жүр.
Бүгінде Махамбет ауданында 30 мыңға тарта халық болса, спорттық нысандар саны — 87, онда жүйелі дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы саны 8 мыңға жуық. Ауданда саламатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын күтуді жөн көретін халықтың көптігі қуантады.
Сәдуақас ТӘЖБЕНТАЙ
белгілі спорт жаттықтырушысы