Жарнама
Спорт

Спорт саңлағын ұлықтаған турнир өтті

Ел спортының дамуына өлшеусіз үлесін қосып, өшпес ізін қалдырған Атырау ардақтыларының бірі Сәдіржан Самиғоллаұлы Жекенов болатын. Ол  — қазақтың мақтанышы, ұлттық спорттың майталманы танылған талай тарландар мен саңлақтардың томағасын сыпырып, қанатын қатайтқан жаттықтырушы-бапкер, ұлағатты ұстаз, тамаша тәлімгер еді.

Осындай дара тұлға бұдан бір жыл бұрын фәни дүниеден бақилыққа озып, ортамыздан оралмас сапарға кеткен-ді. Осыған орай, спорт саңлағының есімін есте қалдырып, өнегелі өмір, ғибратты ғұмыр жолын ұлықтап, ұмытпау мақсатында  оның атында футзалдан республикалық турнир ұйымдастырылды. Тағылымды шараның өткізілуіне марқұмның ұрпақтары, бауырлары, ұжымдастары мен достары  ұйытқы болды.

Атыраудағы ,,Жайық» спорт кешенінде тұсауы кесілген республикалық деңгейдегі додаға Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарынан бірнеше ондаған  спортшы-ұстаз, барлығы 8 құрама  қатысып, бақтарын сынады.
Екі күнге созылған тартысты сайыстардың қорытындысында жеңімпаз командалар мен шебер ойындарымен көзге түскен футболшылар анықталды. Олардың бәрі де ұйымдастыру комитетінің атынан белгіленген дәрежелі дипломдармен, бағалы байрақтармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button