Жарнама
Спорт

«Спорт – есірткіге қарсы»: Атырауда кроссфиттен турнир өтті

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесінің ұйымдастыруымен «Спорт – есірткіге қарсы» тақырыбы аясында ауыр атлетика және кардиодан тұратын кроссфит ойынынан турнир өтті. Турнирге әртүрлі жастағы қала тұрғындары қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Іс-шараның мақсаты – спорт арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі қылмысын болдырмау және нашақорлықтың алдын алу.
Мықтылар бақ сынасқан жарыста үздіктердің қатарынан көрінген жас спортшылар алтын, күміс және қола жүлде иегерлері атанды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.
– Кроссфит – адамның физикалық қуатын, төзімділігін арттырып қана қоймай, темірдей тәртіп пен мақсатқа ұмтылуды үйрететін ерекше спорт түрі. Мұндай жарыстар жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелейді. Салауатты өмір салтын ұстану – әрбір жастың таңдауына айналуы тиіс, – деді полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button